Ақтөбе - Атырау тасжолының құрылысына жергілікті материалдар пайдаланылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе-Атырау тасжолына ширек ғасыр болып, қазір қолданыстан шығып тұр. Орталық пен батысты жалғайтын жолдың құрылысы бүгін басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе-Атырау бағытындағы тасжолды жөндеу жұмысы 2018-2020 жылдары жүргізіледі. Жол кеңейіп, халықаралық талапқа сай салынады, жарықтандырылады. Жобалық-сметалық құжат дайындаған кезде бірнеше дүкенді бұзу қарастырылған.
null 

«Бұл жолда жүру мүмкін емес еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жолдың жобалық-сметалық құжаты дайындалды. Ақтөбе облысына тиесілі 329 шақырым жолдың 79 шақырымы І категориямен, өзгесі ІІ техникалық категориямен салынады. Қазіргі кезде жолдың жамандығына қарамастан тәулігіне 14 мың көлік жүреді»,- деді «ҚазАвтоЖол» АҚ Ақтөбе облыстық филиал директоры Бағлан Баймағамбетов.

Ақтөбе-Атырау тасжолын тек жергілікті мердігерлер емес, Италия, Әзербайжан, Түркия, Корея елдерінің құрылыс компаниялары келді. Барлығы 3 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жол құрылысына қажетті қаржы Азия даму банкі мен Ислам банкінен алынды.

«Жолдың адам үшін маңызы зор. Жол арқылы экономиканың басқа салалары да дамиды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Қазақстанның барлық облыс орталығы Астанаға қосылады. Қазір жоспар 90 пайызға орындалды. Тек Атырау, Ақтау, Арқалық қалалары қалып отыр. Жолдар іске қосылған кезде Қазақстанның барлық облыстары заманауи жолмен байланысады, орталықпен қосылады, транзиттік көліктерге жағдай жасалады. Еуропа мен Азияның арасындағы қарым-қатынас жанданады»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Тасжол құрылысы кезінде жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылады және жұмысшылар да өңірден алынады. Жоспар бойынша үш жылда облыс бюджетіне 200 миллиард теңге қаржы түсуі тиіс. Жол құрылысының басталуына мердігер компания басшылары мен Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев қатысты.

«Елбасы тапсырмасы бойынша Орталық-Батыс дәлізімен Ақтөбе-Атырау жол учаскесінің құрылысы басталды. Жол құрылысы кезінде Қарауылкелді және Шұбарқұдық ауылынан айналма жол салынады. Жергілікті мердігерлер де құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Құрылысқа қажетті қиыршық тас, құм секілді материалдар осы жерден алынады»,- деді Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев.
null 

null 

Соңғы жаңалықтар