Ақтөбе Астананың 20 жылдығына орай автокеруен ұйымдастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Құтты мекен Ақтөбеден - арайлы Астанаға!» атты автокеруен ұйымдастырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе облысы «Құтты мекен Ақтөбеден - арайлы Астанаға!» атты автокеруен ұйымдастырады. Ол мамыр айында «Орынбор-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-Астана» бағыты бойынша өтеді», - деді Бердібек Сапарбаев.        

Оның айтуынша, автокеруен қатысушыларының қарасында өңірдің танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, халықаралық деңгейде танылған спортшылар, үздік дәрігерлер мен жастар қозғалысының белсенділері болады.

Автокеруен бағытында олар ондаған елді мекенде болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар ауыл азматтарына медициналық көмек көрсету, күрделі хирургиялық оталар жасау, түрлі шеберлік сабақтарын өткізу және шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламаларын көрсету жоспарланған.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың баспасөз мәслихаты аясында Қазмедиа орталығының бірінші қабатында өңірде «Рухани» жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың көрмесі өтті.

Соңғы жаңалықтар