Ақтөбе әкімдігі өрт кезінде қаза болғандардың денесін Өзбекстанға жеткізіп береді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы автобус өрті кезінде қаза болған адамдардың мүрдесі мәйітханаға жеткізілген. Кейіннен оны облыс әкімдігі Өзбекстанға жөнелтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет комиссиясының мүшелері «Ақтөбе ақпарат» орталығында баспасөз мәслихатын өткізді.

«Ақтөбе облысының әкімдігі мүрделерді облыс орталығына жеткізуге және Өзбекстанға жөнелтуге көмек көрсетеді. Мүрделерді ауылдан алып кетуге екінші көлік жөнелтілді. Сот-медициналық сараптама тәулік бойы, үздіксіз жүргізіледі. Кейін қаза болған адамдардың денесін Өзбекстанға жөнелтеміз»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов. 

Баспасөз мәслихаты кезінде өрттен аман қалған адамдардың денсаулығы туралы да айтылды. Олар газға қатты уланып қалған.

«Аман қалған 5 адам толық медициналық тексеруден өтті. Жағдайлары қалыпты. Екі адамның қолын күйік шалған. Аман қалған адамдар уланған. Психологтар да көмек көрсетіп жатыр», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой,

Айта кетейік, бүгін түн ортасында Үкімет комиссиясы баспасөз мәслихатын өткізді. Онда оқиға қылмыстық іс емес, қайғылы жағдай екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар