Ақтаулық жастардың көбі әскерге жарамсыз - Қорғаныс істері жөніндегі департамент

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық жастардың көбі әскерге жарамсыз. Мәселен, биыл көктемгі әскерге шақыру науқанында 3000 жігіттің тек 397-сі ғана әскерге жарамды деп танылған. Олардың басым көпшілігі медициналық тексерістен сүрінген. Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Шынболат Ақмұратов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстаудан.

Бүгінде сарбаз атану оңай емес. Қатал тәртіп, жоғары талап бар. Алайда, соңғы уақытта шыдамдылықты шыңдайтын үлкен мектепке барушылар саны азайған. Облыс бойынша көктемгі әскерге шақыруды 3000 азамат алған. Оның 1300-ге жуығы тіркеуден өтсе, оның 372-і  ғана әскери талапқа сай  деп танылған. ¤ Медициналық тексеруден өтпегендер майтабан, жүрек-қан тамыр ауруы болғандықтан сүрінген.

Шынболат Ақмұратовтың айтуынша, тұрғылықты мекенін ауыстырған азаматтарды табу қиынға соғып отырған көрінеді.

«Биыл 1800-ден астам азаматқа шақырту таратылса, оның 872-сі ғана тиісті мекен-жайға жеткен. Сондықтан тұрақты мекен-жай табу үшін көші-қон полициясы мен жергілікті полиция қызметіне сұраныс жолданған. Бұл кемшілік жылда қайталанады», - дейді ол.

Мәселен, әкімдікте арнайы әскери есеп мамандары жоқ. Бұдан бөлек, ішкі істер органдары шақыру қағаздары келмеген азаматтарды іздестіріп, әскери шақыру пунктеріне жеткізбейді.¤

Жалпы Маңғыстаудан 36 мыңнан астам азамат әскери есепке тіркелген. Оның 397-сі ғана іріктелген.   

Жиында аймақ басшысының орынбасары белгісіз себептермен тіркелуден қашып жүрген жастарды анықтау үшін тапсырмалар жүктеді.

«Биыл 710 адам әскерге бару керек екен. Бұл 700 000 халықтың  1 пайызына да жетпейді. Сондықтан тапсырманы 100 пайыз қамтамасыз етуді қолға алу керек. Бұл Елбасының жарлығы. Сондықтан әр ауданның әскери бөлім басшыларына тапсырамын. Әр жігітті әскерге баруға шақыру үшін Отан алдындағы борышы мен парызын айтып, жүректерін ояту керек. Алдағы уақытта жастардың әскери-патриоттық тәрбиені күшейтуге, туған жерге қызмет етуге үндейтін жұмыстар керек», - дейді облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов.

Фото: newspile.ru

Соңғы жаңалықтар