Ақтаулық мектеп оқушысы жоғарғы соттың интернет-викторинасын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 2-9 қарашасы аралығында ҚР Жоғарғы соты интернет пайдаланушылары арасында құқық мәселесіне байланысты интернет-викторина өткізді. Бұл шара республика судьяларының VII съезі қарсаңында арнайы ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Аталған акцияның мақсаты - ел азаматтарының құқықтық сауатын арттыру болды. Акцияға қатысушылар Қазақстан заңнамасы бойынша 10 сауалға жауап берулері тиіс еді. Ол жоғарғы сот өкілдері съезге қатысатын делегаттардың атынан 120 сауал дайындады. Кездейсоқ келетін сауалдарға дұрыс жауап берген аазаматтарға сыйлық та тағайындалды.

Күніне 6 және одан да көп сауалдарға дұрыс жауап бергендерге телефон нөміріне бірлік салу сияқты арнайы сыйлықтар беріліп отырды. Викторина аяқталған соң, яғни 10 қарашадан кейін қойылған сұрақтардың жартысынан көбіне жауап берген 3 азаматқа смартфон сыйға тартылуы қажет болатын. Осы 3 смартфонның біреуін (Samsung Galaxy А5) Ақтау қаласындағы № 20 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ержан Жұмабаев жеңіп алды.

Облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов жеңімпазға сыйлығын салтанатты жағдайда тарту етіп, арнайы серитификат берді. Шара барысында Жұмабаев сотқа азаматтардың сенімінің нығая түскендігін айтып, сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар