Ақтауға кіреберіс жолдар кеңейтіледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Ақтауға бағытталған жолдар кеңейтіліп, 4 жолақты болады. Елді мекендерден  қалаға бағыт алған жолаушылар 1-санатты тас жолмен қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бексұлтан Шалабаев мәлім етті.

Жоба облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен қолға алынады. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінбек.

Алдымен, Ақтау-Жаңаөзен бағытындағы тасжолдың қалаға кірер бөлігі кеңейтіледі. Бұл 17 бекет пен ХГМЗ аралығы және зауыттан 1 шағынауданға дейін аралықты қамтиды. Қазіргі кезге дейін 23, 24, 28 а шағынаудан бұрылысына дейін құрылыс басталған. Оған бюджеттен 1 млрд. 708 млнтеңге бөлінген. 

Ал, Ақтау - Ақшұқыр бағыты тас жолын кеңейту үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, өзгерістер енгізілуде.

Жалпы, өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен 7 жолдың құрылысы басталған. Оның ең маңыздысы-  хаб жолы. Ол 16-17 шағынаудан, Мұнайшыдан бастап 19 а шағынауданға дейін аралықты қамтиды.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бексұлтан Шалабаевтың айтуынша, хаб жолы - ең маңызды болып саналғаннан кейін, биыл бітіру көзделіп отыр.

«Содан кейін №9 жол деп айтамыз. 22 шағынаудан қасы. Мердігер кестесіне сай, құрылыс жұмыстары 7 айға созылмақ. 33, 34, 34а шағынаудан бойы, 31б, 32б шағынауданды аралығын қамтитын №26 жол бар. Сонымен бірге, 32б-35 шағынаудан аралығын жалға жатқан №24 жолдың құрылысы жүруде»,-дейді Бексұлтан Шалабаев.

 Сондай-ақ, биыл 12 шағынаудан "Мұнайшы" спорт кешенінен бастап, 19 шағынауданға дейінгі жол ашылмақ.  Сонымен қатар, жаңа шағынаудандардың орталық жолын салу үшін конкурс жүріп жатыр. Оған 74 млн теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар