Ақтаудан қашқан сарбаз Атырауда ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Сергей Пыхалов Атырауда ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген әскери қызметші тексеруден өту үшін жіберілген клиникадан қашып кеткен. Оған іздеу салынған еді. Ол 20 шілде күні кешкісін табылды», - деп хабарлады Батыс өңірлік әскери прокуратурасы.

Еске салсақ, сарбаз Сергей Пыхалов 6656 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. Ол Қарағанды облысынан шақырылды. Оның не себепті қашқаны әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар