Ақтаудағы оқушының өлімі: Директордың соңынан тағы үш педагог жұмыстан кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 8-ші қабаттан секіріп, суицидке барған 10-сынып оқушысының ісі бойынша мектептің тәрбие-жөніндегі екі орынбасары мен сынып жетекшісі жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Еске салсақ, оқиға 6 сәуір күні болды. Көз жұмған 17 жастағы Мәдина Нарембаеваның ата-анасы бұған сынып жеткшісі Нина Ивановна Вареникті кінәлаған еді.

Қайғылы жағдайдан кейін №4 мектеп-гимназиясының директоры дереу қызметінен кетті.

Ал бүгін белгілі болғандай, оқушы қыздың сынып жетекшісі әрі орыс тілінің мұғалімі Нина Вареник және тәрбие жөніндегі орынбасарлар Наталья Висханова мен Валентина Малых та жұмыстарынан босатылды.

«Мектеп оқушысының өлімі - үлкен қайғылы оқиға. Мен мектеп ұжымының Мәдинаның өліміне қатысы бар деп ойлламаймын. Біз жауапты тұлға ретінде балалармен болатын осындай жағдайлардың алдын-алуымыз қажет. Сол үшін жұмыс жасап жатырмыз. Әрбір оқушыға мектеп ыңғайлы әрі екінші үйіндей болу керек. Осы оқиғаға байланысты мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшісін жұмыстан босаттық», - дейді 4 мектеп-гимназиясының жаңа директоры Жанаргүл Жұмашева.

Директордың айтуынша, аталмыш оқытушылардың тарапынан жұмысына деген салғырттық болған, яғни тәрбие жұмысы бойынша кемшіліктер жіберілген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар