Ақтаудағы «Ардагер» сауда орталығын тонағандардың әрқайсысы 5 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен Д. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды mng.sud.kz .

Сотта анықталғандай, сотталушылар 2017 жылдың тамыз айының 12-сінен 13-іне қараған түні сағат 02:30 шамасында  Ақтау қаласы 9 шағынаудандағы «Ардагер» сауда орталығындағы сұлулық салонын, зергерлік бұйым сататын сауда нүктесін, төлем терминалдарын, ұялы телефондарды жөндеу және бөлшектерін сату нүктесін тонап кеткен.Сотталушылар өздерінің қылмыстық іс әрекеттерімен аса ірі мөлшерде жәбірленушілер Р., А., Б., П., және К-ге ортақ жалпы 17 237 108 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот үкімімен Д. мен Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, жеке меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған мүліктері тәркіленіп, әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды.

Соңғы жаңалықтар