Ақтауда жол ережесін бұзған полицей айыппұлмен құтылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жол ережесін бұзып, тіке бағытқа шыққан полицейге айыппұл салынды. Оның өрескел әрекетін кездейсоқ куәгер бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

МО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейдің жеке басы анықталған. Ол жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері болып шықты. Тал түсте көзге түскен жол сақшысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601 бап 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылған. «Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау» бабы бойынша енді ол 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Бейнетаспа авторы полицейді бағдаршамға тоқтап тұрған кезде түсіріп алған. Айтуынша, 6-8 шағынаудандағы жолдың бұрылатын бөлігінде тұрған тәртіп сақшысы бұрылмастан тіке бағытқа шығып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар