Ақтауда жоғалып кеткен әже табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жоғалып кеткен әже табылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейуана түнгі сағат 11-лер шамасында «Бекет ата» мешіті алдынан табылған. Бұл туралы тілшіге әженің туыстары мәлім етті.
Еске сала кетейік, кеше сағат 15.30-дарда теңіз жағалауындағы саxна маңынан жасы 70-тен асқан Бақыт Хисметова жоғалып кеткен болатын.
Құқық қорғау органдары мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізген еді.
Туыстары әлеуметтік желіге жариялап, әжені көрген адамдар болса, дереу xабарласуын сұрады. Нәтижесінде мешіт жанында әжейді байқағандар туысқандарына хабар берген.
Туыстарының айтуынша, әже үйіне оралған, оның жағдайы жақсы екен.

Соңғы жаңалықтар