Ақтауда жоғалған баланың ата-анасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудың 4 шағын ауданында жоғалған баланың ата-анасы табылды. Бұл туралы Lada.kz Ақтау қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция бөліміндегілердің айтуынша, баланың ата-анасы перзенттерін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан алып кетеді.

Бұл туралы мәліметтер прокуратураға жолданды. Баланың барлық қажетті құжаттарын көрсеткен соң оны ата-анасы алып кете алады, деп толықтырды ішкі істер департаментінің өкілдері.

Еске сала кетейік, жоғалған бала Ақтау қаласындағы 4 шағын аудандағы №41 үйдің алдынан 3 қыркүйек күні шамамен сағат 14-15-тер кезінде табылған болатын. Ата-анасынан айырылып қалған бала подъезде жылап отырған.

Соңғы жаңалықтар