Ақтауда заңсыз зергерлік бұйымдар алып бара жатқан өзбекстандық ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері қазақстандық шекарашылар «Ақтау» әуежайындағы бекетте заңсыз зергерлік бұйым тасымалының жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Шекара жасағы «Ыстанбұл-Ақтау» рейсінде 24 жастағы Өзбекстан азаматшасын зергерлік бұйымдармен ұстады. Одан декларацияда көрсетілмеген сырға, жүзік, алқа және қол сағаты секілді 30 түрлі бұйым табылды. Заңсыз бұйым қол жүгін тексеру кезінде анықталды.

Бұл туралы Маңғыстау облысының құқық қорғау органдарына хабар берілді.

Сондай-ақ, әуежайда «Алматы-Бейжің» рейсінің жолаушысы 61 жастағы қазақстандық азаматшадан декларацияда көрсетілмеген 10 мың доллар, 3 125 юань және 50 мың теңге анықталды.

Соңғы жаңалықтар