Ақтауда төрт жасар бала 5-ші қабаттан құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда 5-ші қабаттан төрт жасар сәби құлап кетті, деп хабарлайды Лада.

Оқиға 17 сәуірде 31А шағын аудандағы №4 үйде болған. Сәби травматологиялық орталыққа жатқызылды.

18 сәуір күні 5-қабаттан құлаған сәби жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды.

Ресми емес ақпараттарға қарағанда, оқиға болған кезде сәбидің анасы жұмыста болған. Ал әкесі үлкен баласын мектептен әкелуге кеткен. Бала ұйықтап жатқан, оянғаннан кейін осы оқиға болған.

Соңғы жаңалықтар