Ақтауда тарихи-мәдени мұраларды қорғауға арналған отырыс өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. 

Алқалы жиын Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.                                                                  

 Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, тарихымыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген болатын.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов төрағалық еткен жиынға Астана, Алматы қаласынан арнайы келген Сәдуақас Ағытаев, Дмитрий Воякин, Зейнолла Самашев, Ислам Жеменей, Ақан Оңғарұлы сияқты архелог, тарихшылар қатысты.

Кеңестің мақсаты - тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелерін шешуге белсенді ықпал ету. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми маңызды деңгейін көтеру. Археология мен этнография, тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеудің ғылыми логикалық жүйесін анықтау.     Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеңес 2007 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі басқосуда облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғау саласындағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, олардың сақталуы бойынша алдағы міндеттерін айқындады. Сонымен қатар, зерттелген дүниелерді насихаттаудың өзекті мәселесі талқыланды.

 «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының маманы Сәдуақас Ағытаев «Ғылыми-реставрациялау жұмыстарының сапасын жетілдіру туралы», ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми зерттеу институтының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы «Үстірт пен Маңғыстаудағы ежелгі ғибадатханалар мен ортағасырлық белдеулі керуен-сарайы: жаңа зерттеулер мен мәселелер», «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, «Әбу-Ханифа» орталығының жетекші ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей «Рухани жаңғыру: Тарихи сана» тақырыптарында баяндама оқыды.

2007 жылы іргесі қаланған Кеңестің құрамына тарих және археология, этнография, сәулет, қала құрылыс мәселелерін білетін білім мен біліктілікке ие ғалым, сәулетші, мәдениет және өнер өкілдері кіреді. 

Соңғы жаңалықтар