Ақтауда шу туғызған үйлену тойы кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үйлену тойы кортежі  видеоролигінің «батырларына» айналған тәртіп бұзушы төрт жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жайлы Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Lada.kz хабарлайды.

Бұған дейін жүргізушілері мен жолаушылары  жол жүру ережесін бұзған төрт автокөліктің видеоролигі жарияланған болатын. Toyota Camry, Lexus LX 570 және  Toyota Land Cruiser Prado көліктерінің жолауышалыры - жастар көлік терезесінен бастарын шығарып алып жүрген.

«Оқиға 9 шілде күні Ақтауда болған. Төрт жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-бабы, 1-тармағы және 614-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттама толтырылды. Жүргізушілерді бес (11 345 теңге) және үш (6 807 теңге) айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеу жазасы күтіп тұр», - деп хабарлады ведомство. 

Соңғы жаңалықтар