Ақтауда сарбаздың соққыға жығылуына байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жедел әскери қызметтегі сарбаз Дәулет Әшіровты соққыға жықты деген күдікпен оның 25744 әскери бөліміндегі қызметтесі тергеліп жатыр, деп хабарлайды «Лада» ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік хабарлағандай, Ақтау горнизонының әскери полициясы сотқа дейінгі тергеуді ҚР ҚК 440-бабының 3-бөлігі 4-пунктіндегі қылмыстық белгілерге сәйкес жүргізуде.

«25744 әскери бөлімінде жедел әскери қызметте жүрген  қатардағы жауынгер Ж. 2017 жылдың 23 қарашасында күдікті деп танылып тергеуге алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар жасалды. Қатардағы жауынгер Ж-ға қатысты сараптама нәтижелері дайын болған соң, қылмыстық іс сотқа жіберледі»,-деп хабарлайды ведомство.

Еске сала кетейік, әскер қатарына 2017 жылдың көктемінде шақырылған Ақтаудағы жедел әскери қызмет сарбазы Дәулет Әшіров 20 қараша күні орындықпен жасалған соққының салдарынан ес-түссіз ауруханаға жеткізілген. Ол желтоқсан айында ғана есін жинады, әзірге жағдайы ауыр. Жауынгер күрделі ем-шаралардан өту үшін Астанаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар