Ақтауда оқушы баланы жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жаяу жүргіншілер жолағында оқушы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды tumba.kz.

«Бүгін таңғы сағат 9:30 шамасында 26 және 27-інші мөлтекаудандар арасындағы жаяу жүргіншілер жолағында 9-10 жас шамасындағы қыз баланы көлік қағып кетті. Оқиға куәсі болған көлік қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілер дереу көмекке ұмтылды», - делінген ақпаратта.

Баланы соққан KIA автокөлігінің жүргізушісі оны ауруханаға жеткізетіндігін айтқан.

Оқиға орнына жақын жерде құқық қорғау органдарының көлігі болғаны атап өтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар