Ақтауда ҚР мен Әзербайжанның дипломатиялық қатынасына 25 жыл толуына орай шара өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат  - Биыл Қазақстан мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасқа 25 жыл. Осыған орай, бүгін Ақтауда екі ел өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды  Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «қос мемлекет арасында бұрыннан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі дос­тық сипатындағы екіжақты қарым-қа­тынас қалыптасқан». Жыл өткен сайын саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстың  дамуы да  артып келеді. Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінге дейін жүздеген құжатқа қол қойылып, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ортақ парламентаралық коммисиясы табысты жұмыс атқаруда.

Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың  маңызды аспектілерінің бірі - транзиттік әлеует.  Мәселен, Әзербайжан арқылы өтетін Кавказдық бағыт Қазақстанға Еуропалық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Ал Қазақстан Әзербайжанға Орталық Азия мен Қытай нарығына шығуға жол ашады.

10 жыл бойы Бакуде жылына 350 мың тоннаға дейін ауыстырып тиеу қуаты бар және  бір мезгілде 15 мың тонна астық сақтай алатын «Баку астық терминалы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны жұмыс жасап келеді. Әзербайжанды жоғары сапалы астықпен қамтамасыз етумен қатар, кәсіпорында Қазақстандық астықты Кавказ және Қара теңіз өңірлерінің мемлекеттеріне, ЕО елдеріне экспорттайды.

 Индустрияландыру картасы аясында Әзербайжан компаниясы - «Азерсун Өндіріс және Логистика Орталығы» ЖШС-нің «Ақтау теңіз порты» АЭА-да азық-түлік тауарларын сақтау үшін аумағы 178,7 мың шаршы метр болатын қоймалық орынжайлар құру жобасы іске асты. Жобаның жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан Әзербайжанға теміржол және трамвай локомотивінің жабдықтарын, қара металл, жанар-жағармай, құрылыс материалдарын экспорттайды. Импорттың негізгі бөлігін қант және кондитерлік өнімдер, қара металдан жасалған өнімдер, көкөніс пен дәндер, текстиль өнімдері мен электр құрал-жабдықтары құрайды.

Екі ел үшін де маңызды жоба - Құрық порты. Киелі Маңғыстау жерінен артылған жүк Әзербайжан арқылы Кавказ, Түркия және Еуропа елдеріне жол тартады. Алдағы уақытта да дәл осы Құрық порты арқылы байланыс арта түспек.

Шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Қазақта «елдестірмек елшіден» - деген сөз бар. Екі ел арасындағы достық қатынастың жоғарғы деңгейі бірінші кезекте мемлекет басшыларына тікелей байланысты. Бұл жағынан екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас өз миссиясын толығымен атқарып отыр деуге болады.
null

Маңғыстау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ішкі сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-қазан айлары бойынша 41,2 млн  АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 26,1 млн  АҚШ доллары экспорт үлесіне, 15,1 млн  АҚШ доллары импортқа тиесілі. Бүгінде аймақтағы  52 мекемеде  Әзербайжандық компаниялардың үлесі бар»,- деп атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар