Ақтауда қою тұман ұшақтың қонуына мүмкіндік бермеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда Мәскеу мен Сочиден келе жатқан ұшақ қона алмай, Атыраудағы қосалқы әуеайлаққа қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бүгін Scat әуе компаниясының Мәскеу-Ақтау бағыты бойынша 806-рейсіндегі ұшағы, сондай-ақ осы компанияға тиесілі Сочиден келе жатқан 820-рейсі көп уақытқа кешігіп келді.

Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилованың хабарлауынша, ұшақ жайсыз ауа райы салдарынан Атыраудағы қосалқы әуеайлаққа қонуға мәжбүр болған. 88 жолаушы бірнеше сағат бойы ауа райының жақсаруын күткен.

«Рейстің кешігуіне Ақтау әуежайындағы қою тұман әсер еткен. Көру мүмкіншілігі 150 метр ғана болды», - деді Виктория Старожилова.

Ақтау әуежайының директоры Ерғазы Жолдасовтың хабарлауынша, таңғы рейстердің кешігуі Қазақстанның бірнеше қаласына ұшатын ұшақтарға кедергі келтірген. 

Соңғы жаңалықтар