Ақтауда қарумен көше кезіп жүрген жасөспірім ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда ҚР Ұлттық ұланының әскери жасағы көшеде атыс қаруымен жүрген бұзақыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әскери жасақ бастығы, ЖПҚ  қызметкері полиция сержанты Бексұлтан Ділдәбек және қатардағы жауынгерлер Жарасқан Баймырза мен Нұрсұлтан Балтабеков бақылау бағдарымен келе жатқанда, отты қарудан атылған дыбысты естіген. Жауынгерлер дереу атыс орнына қарай барып, қарумен ойнап тұрған жасөспірімді байқаған. Әскери жасақты көрісімен, жасөспірім қаша жөнелген», - делінген ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің мәліметінде.
null

Алайда жеткіншек алысқа ұзай алмады.  Шағын ауданды тінту барысында ол  сыраханалардың бірінен ұсталып, мәселенің анық-қанығын анықтау үшін қалалық Ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар