Ақтауда экс-депутат жоғалып кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Сергей Кутепов жоғалып кетті. Ол 1 сәуір күні таңертең сағат 8.30-да шығып кетіп, әлі күнге үйіне оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір Сергей Кутеповтың туыстары іздеу салып жатыр. 48 жастағы азаматтың бойы 176 сантиметр, шашы қара, көзі көк. Үстінде қоңыр түсті күртке, басында тоқылған бас киім, джинс мен аяғында сұр түсті кроссовки болған. Туыстары көрген-білген адамдар болса, 87015225449 не 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, Сергей Кутепов Ақтау қалалық мәслихатының V шақырылымының депутаты болғаны айтылады.

2014 жылы «Қазақстанның халық банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының сол кездегі директоры банктің бұрынғы қызметкерлері миллиард теңге ұрлағаны белгілі болғаннан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК айыппұл төлеген еді.

Соңғы жаңалықтар