Ақтауда «Бәйтерек» сауда орталығының жанынан өрт шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақтауда «Бәйтерек» сауда орталығы жанынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖБ-ның мәліметінше,  «Бәйтерек» сауда орталығы жанында жалпы аумағы 3 шаршы метр жерді жалын шарпыған.

«Сағат кешкі 21.45-те шақырту алдық. Дереу оқиға орнына жеттік. 3 минуттың ішінде өрт сөндірілді. Оқыс оқиғадан, ешкім зардап шекпеді», -деп мәлім етті қаладағы №1 арнайы өрт сөндіру бөлімінің бас инженері Абакар Абдураxманов.

Куәгерлердің айтуынша, қоқыс жәшіктері жиналған орын қызыл жалынға оранған. Жалынның шығуына қоқыс жәшіктерінің тұтануы себеп болуы мүмкін. Өйткені, жәшіктердің маңында қоқыстар шашылып жатыр.

Қазір оқиғаның қалай болғаны тексерілуде.  
null 

Соңғы жаңалықтар