Ақтауда Барби қуыршағының бойымен бірдей сәби дүниеге келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Барби қуыршағының бойымен бірдей сәби дүниеге келді. Қыздың салмағы 665 грамм және бойы 28 см, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салыстырмалы түрде мына деректерді айтуға болады, ескі үлгідегі Барби қуыршағының бойы 28-30 см болса, жаңа талаптарға сәйкес оның бойы 27 см.

«Неонтолог-дәрігерлердің міндеті -осындай балаларға кәсіби тұрғыдан күтім жасау. Қазіргі кезде бізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тиімді перинаталдық күтім технологиялары қолданылуда. 665 грамм болған қыз салмақ қосып келеді. Оның салмағы қазір 1 келі 94 грамм. Әзірге оны зонд арқылы тамақтандырып жатыр. Уақыт өте анасы мен баласы үйлеріне қайтады деп ойлаймын», - деді Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының дәрігері  Римма Рахмет.

Шаматан тыс кішкентай болып туған Ақтаулық сәби 37 жастағы Айжан Сәденованің тұңғышы. 

Соңғы жаңалықтар