Ақтауда бағдаршам істемей тұрған жол қиылысында екі көлік соқтығысып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда бағдаршам істемей тұрған жол қиылысында екі көлік соқтығысып қалды, деп жазады lada.kz.

Жол-көлік оқиғасы 22 қазан күні кешке қарай болған. Renault Duster мен ВАЗ-2107 көлігі 12, 13, 14 шағын аудандар арасындағы жол қиылысында 18:30-да соқтығысқан. Осы кезде бағдаршам істемей тұрған көрінеді.

Оқиғаға куә болған жүргізушілердің бірінің айтуынша, ВАЗ-2107 жеңіл көлігі «Жас Қанат» (12 шағын аудан) спорт кешені жағынан келе жатқан. Осы сәтте «Тамшалы» тұрғын үй кешенін бетке алып Renault Duster келе жатқан. ВАЗ-дың жүргізушісі жол бермей, соның салдарынан қос көлік соқтығысқан.

ВАЗ-2107 жеңіл көлігінің жүргізушісіне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар