Ақтауда әйел қызымен бірге үшінші қабаттан жастық құшақтап секірген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда 40 жастағы әйел қызымен бірге үшінші қабаттан жастық құшақтап секірген, деп хабарлайды Лада.кз.

Оқыс оқиға 17 қазан күні кешкі 22:00 шамасында 11-ықшамаудандағы 29-үйде болды. Бес қабатты үйдің түбінде жатқан әйел мен жас қызды көрші үйдің тұрғыны байқап қалған. Олар қазір Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

№29 үйдің үшінші қабатында пәтер жалдап тұратын әйел 1977 жылғы, ал қызы 2002 жылы туған. Олар құлаған жерде жастықтар жатқан.

«Олар сырт киімін, аяқ киімдерін де киіп алған. Әйелдің қолында сөмкесі болды. Жұмсағырақ түсу үшін жастық құшақтап секірген болса, онда олар әлдекімнен қашқаны анық. Егер олар пәтерден кетіп бара жатқан болса, есіктен шығатын еді», - дейді үйдің тұрғындары.

Оқиға себептері әлі анық емес.

Соңғы жаңалықтар