Ақтауда әйел адам 4-қабаттан құлап мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы биік тұрғын үйдің бірінде егде жастағы әйел адам төртінші қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz  сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға болған маңды полиция қоршауға алған.

Қайғылы оқиға туралы жедел жәрдем стансасына бүгін сағат 16:11-де хабарлаған. Әйел адам дәрігерлер келіп үлгергенше көз жұмған.

Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар