Ақтауда автобус жүргізушісі жолаушыны қуып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 ақпан күні Ақтаудағы №105 бағдарындағы автобуста оқыс оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Маңғыстау-3 ауылындағы аялдамадан автобусқа мас жолаушы мінген. Ол көліктің ішінде шу шығарып, тәртіп бұзған, артынша кондуктор қызға жармаса бастаған. Жүргізуші келесі аялдамада автобусты тоқтатып, маскүнем жолаушыны қуып шыққан», - дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 389-бабының («Өзінше билік ету») 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Оған сәйкес, үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы көзделген.

Соңғы жаңалықтар