Ақтауда әскери қызметкер суға ағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының 4А шағын ауданындағы жағажайда әскери  қызметкер суға ағып кетті, деп хабарлайды Лада.кз.

Қайғылы оқиға бүгін шамамен сағат 15.00 шамасында болған. Келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметкердің мүрдесін судан құтқарушылар алып шыққан.

Суға ағып, мерт болған жігіт демалуға достарымен бірге келген. 

«Ол суға секіріп, содан жоқ болып кетті. Мен бірден құтқарушыларға хабар бердім», -  дейді мерт болған әскери жігіттің танысы.

Жігіттің денесін құтқарушылар жағадан үш метр жерден тапқан. Оқиға орнына келген полиция қызметкерінің сөзіне қарағанда, мерт болған жігіт 1994 жылы туған. Қаладағы 6656 әскеи бөлімде қызмет етеді. Әскери шені ефрейтор.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар