Ақтауда 6 жасар баланы атқан ер адам ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 14-шағын аудандағы тұрғын үй алдында ойнап жүрген баланы аяғынан атқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғыны 6 жасар ұлының белгісіз біреудің атқан оғынан зардап шеккенін айтып, шағым түсірген. Баланы үй алдында ойнап жүргенде аяғынан атқан.

Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды.  Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тексеру барысында ер адам пневматикалық тапаншамен балаларға пәтерінің терезесінен атқаны анықталды. Күдіктінің қаруы тәркіленді. Басқа мәліметтер тексеріліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар