Ақтауда 22 жастағы жігіт пойыз астына түсіп, мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -1985 жылғы туған Ақтөбе облысының тұрғыны пойыз астына түсіп қалған, деп жазады Лада.кз

Зардап шегуші алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасы травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жансерік Шаухымбердиев хабарлады.

Ер адамның қолы мен аяғы кесіліп кеткен. Жедел жәрдем бригадасы зардап шегушіні МОА-ға 19 тамыз күні түнгі сағат 03:40-та жеткізген.

«Науқас травматикалық және геморрагиялық шок алып, ауыр халде түсті. Жедел ота жасалды. 19 тамыз күні сағат 10:00-ден алған жарақаты салдарынан қаза тапты», - деп түсіндірді Жансерік Шаухымбердиев.

Жедел жәрдем дәрігерінің мәліметтеріне сәйкес, ер адам өз-өзін өлтірмек болған. 

Соңғы жаңалықтар