Ақтау-Жаңаөзен трассасындағы көлік апатынан 13 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау-Жаңаөзен трассасында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды «ЛАДА».

Жол апаты 24 мамыр күні болды. Онда «Газель» мен «Лада ларгус» маркілі көліктері соқтығысты. Апаттың салдарынан 13 адам зардап шекті. Олардың 6-уы түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен Жетібай ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен өзге азаматтар алғашқы медициналыө көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді, деп хабарлады Апат медицинасы орталығының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар