Ақтау тұрғындары қала маңындағы жарылысты видеоға түсіріп алған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы төменгі мөлтекаудандардың тұрғындары өз пәтерлерінен дүмпуді сезініп, қала маңында болған жарылысты видеоға түсіріп алған. Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаға кейінірек түсінік беруге уәде етті, деп хабарлайды lada.kz.

Ақтаудың 3, 4, 7, 8 және 9 мөлтекаудандарының және өнеркәсіп аймағының тұрғындары сағат 20:00 шамасында өз пәтерлерінен қатты дүмпуді сезгендерін жазуда.

«Жарылыстың қатты болғаны соншалық, 3-мөлтекаудандағы үйіміз тербеліп кетті және 2-мөлтекаудандағы достарымыз да дүмпуді сезгендерін және жарылысты естігендерін айтып жатыр...», - деп жазды әлеуметтік желіге Ақтау тұрғындары.

«Мен «Камаз» көлігі үйімізге кіріп кетті деп ойладым, себебі дүмпу бірер секундта болса да, оны қатты сезіндік», - деді куәгерлер.

«Қалада не болып жатқанын кім білсін? Өнеркәсіп аймағынан естілді...», - деп айтты қала тұрғындары.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кезекшілік бөліміне жарылыс туралы ешқандай хабарлама түспеген. Ведомстводағылар оқиғаны толығырақ анықтап, кешірек түсіндіруге уәде етті. 

Соңғы жаңалықтар