Ақтау тұрғындары электронды әмиянның көмегімен героин сатқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының тұрғындары заңсыз героин сатумен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Сот Ақтау қаласында ірі есірткі партиясын сатумен айналысқан бес адамға қатысты қылмыстық істі қарады», - деп мәлімдеді қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған соттың бас маманы Айжан Сәндібаева.

Іс материалдарына қарағанда, есірткіге тәуелді болып қалған адамдар виртуалды әмияндағы электронды шотқа ақша аудару арқылы героин алып жүрген. Одан кейін есірткіні «саудагерлер» қаланың түрлі орындарында тарататын болған. Ұйымдасқан қылмыстық топ осы жолмен Ақтауда бес ай бойы ірі көлемде есірткі сатып келген.

Қылмыстық топтың бес қатысушысы топ құру, есірткі өткізу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңды айналымға енгізу қылмыстарын жасағанын мойындады. Оларға 16 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасы берілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар