Ақтау тұрғындары электронды әмиянды пайдаланып, есірткі сатып келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау тұрғындары героин есірткісін саудалаумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Сотта 5 адамның Ақтау қаласының аймағында ірі көлемде есірткі саудалау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қаралды», деп хабарлады облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының жетекші маманы Айжан Сандыбаева.

Іс мәтериалдарына қарағанда, есірткіге еліткен адамдар ақшаны виртуалды әмиянның электронды шотына жіберіп отырған. Бұдан соң есірткі саудалаушылар қаланың түрлі аймақтарындағы есірткіні алатын орындар туралы мәліметтерді беретін болған. Осындай жолмен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Ақтауда есірткіні 5 ай бойы ірі көлемде саудалап жүрген.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі ұйымдасқан топты құрып, есірткі саудалап, қылмыстық жолмен тапқан пайданы заңдастырғаны үшін айыпты деп танылды. Оларға мүліктерін тәркілей отырып, 16-дан 18 жылға дейінгі аралықта бас бостандығына айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар