Ақтау-Таушық трассасындағы жол апатынан 10 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қараша күні күндіз Ақтау-Таушық трассасының (110 км) бойында екі көлік соқтығысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық апат медицинасы орталығынан хабарланды, деп жазады lada.kz.

Орталық мамандарының айтуынша, Ақтау-Таушық жолы бойындағы апат шамамен сағат 14-00-дер кезінде болды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан 10 адам зардап шекті.

Олардың барлығы Таушық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдай өте ауыр. Ол қазір арнайы аппаратпен демалып жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар