Ақтау тас жолында автобус жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау-Жетібай тас жолында микроавтобус жанып кетті, деп жазады Лада.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттен ешкім зардап шекпеген.

«Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Микроавтобус толық жанып кетті», - делінген департаменттің хабарламасында.

Кезекші бөлімге микроавтобустың жанып жатқаны туралы ақпарат сағат 17:40-те түскен. Өрт сағат 17.55-те сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар