Ақтау мектебінде мұғалім көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы №8 мектепте мұғалім көз жұмды, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы диспетчерлік бөліміне 7 наурыз сағат 11:40-де Ақтау қаласындағы №8 орта мектептен жедел қоңырау түскен.  Дәрігерлердің жедел көрсеткен көмектеріне қарамастан әйел көз жұмды.

Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рахымжан Елтаев әйелдің не себептен көз жұмғаны белгісіз екендігін айтты.

«Өлім себебі тексеруден кейін белгілі болады. Реанимациялық әрекеттер өзінің нәтижесін бермеді.  Мектеп қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, әйел бірнеше күн қан қысымының көтеріліп жүргендігі туралы айтқан. Ол диспансерлік есепте тұрмаған және сырқаты бойынша дәрігердің көмегіне жүгінбеген», - деді Рахымжан Елтаев.

Соңғы жаңалықтар