Ақтау маңында тепловоз бен автомобиль соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының маңында тепловоз автомобильге соғылды, деп хабарлайды lada.kz.

Келеңсіз жағдай 12 тамыз күні түнгі сағат 01:25-те болды. Куәгерлердің айтуынша, көліктердің соғылуы теңіз портына барар жолдағы жанармай құю бекеті мен және МАЭК бұрылысында болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, көлік жүргізушісі тепловозды көрмеген, дыбысын да естімеген. Басқаша мәліметтер әзірге беймәлім.

2013 жылы Баянды және Маңғыстау-5 ауылдары арасындағы теміржол өткелінде жүк көлігі мен тепловоз соғылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар