Ақтау-Қаражанбас тас жолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ақтау-Қаражанбас тас жолында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды lada.kz Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

Автобустың өртенуі бүгін, шамамен сағат 11:48-де болды. Оқиға орнына құтқарушылар келген. «Өрт 12:11-де сөндірілді, автобус толықтай жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік бөлімінде. Өрттің себептері анықталуда. Көрген адамдардың айтуынша, автобус вахталық қызметкерлерді жұмыс орнына апара жатқан. 




Соңғы жаңалықтар