Ақтау ауруханасындағы баланың өлім себебін тәуелсіз сараптама анықтайтын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында екі жасар Сезім Жұмақанның өлімі бойынша тексерістер басталды.

Бұл туралы облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Сару Ермұқанова айтты. Қыз бала мен оның інісі ауруханаға 2 желтоқсан күні кешке улану белгілерімен түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada. кz-ға сілтеме жасап.

«Ата-аналары сот-медициналық сараптамадан бас тартты және медицина мамандарына шағымдары жоқтығы туралы жазып берді. Мен ата-аналарына егер шағымдар туындайтын болса, қыздың денесін эксгумациялауға тура келетінін түсіндіріп айттым. Оның себебін анықтау - біздің мүддемізде. Бала неден өлгенін біз де білгіміз келеді. Баланы алғаш алып келгенде әкесі үйдің сыртқы кіреберісінде хлордың иісі болғанын айтты.  Біз онда дереу санэпидстансының мамандарын жібердік. Олар ауаның сараптамасын жүргізді, онда хлордың мөлшері тым артық болды. Құсып жатқан балаларды бақылау палатасында тура төрт сағатқа қалдырдық. Осы уақыт ішінде оларға регидрон беріп тұрдық. Баланың жағдайы нашарлаған жоқ, қыз ойнай бастады, құсқан жоқ, іші өткен жоқ (ауруханаға түскен кезде де). Осыған байланысты дәрі-дәрмектерді, тамақ пен сұйықтықты қалай қабылдау керектігін түсіндіре отырып, баланы үйіне жібердік. Бірақ келесі күні олар қайта түсті, баланың жағдайы нашарлап кеткен. Қыз бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Онда адекватты терапия жасалды. Қорытынды диагноз - белгісіз этиологиямен улану», - деп атап өтті Сару Ермұқанова.

Оның айтуынша, тексеру жұмыстары басталды, тәуелсіз сараптама жүргізілуде, өлім себебі анықталатын болады.

Құжаттарға сәйкес, бала ауруханаға «Белгісіз заттың токсикологиялық әсері» диагнозымен түскен.

Медиктердің қорытындысы бойынша (ауруханадан шығару қағазы) екі жасар Сезім тыныс алу жолдарының өткір жеткіліксіздігінен, жүрек жеткіліксіздігінен және токсикологиялық есеңгіреу синдромынан көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар