Ақсуда төтенше жағдай режімі жарияланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Ақсу қаласында ғимараттардың жел ұшырып әкеткен шатырларын қалыпқа келтіру үшін төтенше жағдай режімі жарияланды. 

Бұл туралы  Павлодар облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Сергей  Сытник айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«11-12 қаңтар күндері ауа райына байланысты бір ғана қауіпті құбылыс тіркелді», - дейді Сергей  Сытник. - Кейбір аудандарда  желдің жылдамдығы  секундына 39 метрге жетті. Бұл бағытта қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Кеше департаментке Ақсу қаласы бойынша төтенше жағдай жөнінде әкімдіктің қол қойылған шешімі түсті. Бүгінгі таңда бұл хабарландыру әділет органдарына тіркеу үшін жіберілді. Тіркеуден кейін нақты қажет соманың көлемі анықталады. Себебі  зақым келген ғимараттардың бір бөлігі  жеке тұлғалардың жеке немесе демеушілік қаржы есебінен қалыпқа келтірілген».

 Бөлім басшысының айтуынша,  осы хабарландырудан кейін нақты жұмыстар атқарылады. Үш ғимаратқа бағалау жүргізілген соң қалалық бюджеттің есебінен жөнделеді. Егер де  мұндай сома қалалық бюджеттің резервінде болмаса, облыстық бюджетке өтініш жіберіледі. Бұл - білім беру және мәдениет нысандары. 

Соңғы жаңалықтар