Ақсуда алимент төлеуден жалтарған әкелерге 200 бос жұмыс орны ұсынылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақсу қаласында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында 2 қараша күні, сағат 11:00-де алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерді жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда қалалық жұмыспен қамту орталығы 200 адамға бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы прокуратурасының мәліметінше, бүгінде соттың шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуге міндетті 1500 адам тізімде тұр. Олардың көбі өздерінің бұл міндеттерінен «құтылу» үшін тұрғылықты мекенжайларын жасыруда. Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы «Алименттер. Қарызға қарсы 30 қадам» жобасы аясында осындай азаматтардың берешектерін өндіріп алу мақсатында белсенді жұмыс жүргізуде. Ұйымдастырушылар осындай шаралардың нәтижесіне алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтардың саны  азаяды деген үмітте.

Сонымен қатар, осы күні балаларына қарыз болған әкелердің мәселесіне қатысты ауқымды «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, мәселенің шешу жолдары қарастырылады. Ақсу қалалық прокуратурасының қызметкерлері жұмыссыз әрі алимент төлеуге міндетті барлық азаматтарға осы жәрмеңкеге қатысуға кеңес беріп, өз міндетін орындаудан қашып жүрген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Ақсу қалалық прокуратурасы мамандарының айтуынша, 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, олардың 14-іне бес тәулікке дейін қамау жазасы қолданылған. Қазіргі таңда тағы 20 адамның ісі сотта қаралуда. 

Соңғы жаңалықтар