Ақсуат ауылында халықаралық ақындар айтысы өтеді - ШҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 шілде күні Шығыс Қазақстан  облысының Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында "Туған жерге туыңды тік" халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыр додасына Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Қалижан Білдәшов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Шұғайып СезімханТөлеген Жамановтармен бірге Қытайдан Жарқынбек Бердібекұлы, Моңғолиядан Ерлан Дәулетұлы қатысады.

Айта кетерлігі, халықаралық айтыс аясында Тастекеевтер әулетінің толықтай қаржыландыруымен Тарбағатай ауданының Екпін ауылында жаңадан салынған заманауи стандартқа сай  футбол алаңы мен ауылдың шалғай бөлігін орта мектеппен жалғастыратын 2 шақырымдық асфальт жол пайдалануға берілмек.

null

Соңғы жаңалықтар