Ақсу қант зауытын жаңғыртуға 12 млрд теңге жұмсалады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Ақсу қант зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 8 қаңтар күні шаруалардан қабылданған қант қызылшасын өңдеу аяқталып, мамандар зауыттың  технологиялық құрал-жабдықтарын  жаңартуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсу қант зауытын жаңғыртуға 12 миллиард теңге инвестиция бағытталмақ.    Ол бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. Мамандардың айтуынша, зауыт алдағы екі-үш жылда толық қуатына көшетін болады. Ол кезде қант шығаратын мекеме жылына 350 мың тонна өнім өндертін болады. Өткен жылдың  қазан айында іске қосылған зауытта  67 797 тонна қант қызылшасы өңделіп, 4 мың тонна қант алынған. Қазір мекеменің қоймасында 500 тоннадай қант бар. Бұл жерде 50 келілік бір қап құмшекердің бағасы 8 мың теңге тұрады.
null 

«Ақсу қант зауыты 10 жыл тоқтап тұрды.  Бір жылда бәрін жаңалау мүмкін емес. Бұл зауыттың өзінде  60 шақырым құбыр жүйесі, 60 шақырым кабель бар. Былтыр ауқымды бөлігін айырбастадық, биыл бұл істі жалғастырып  жатырмыз», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.

null

Қант қызылшасын өсіру қайта қолға алынған Жетісу өңірінде биыл 11 мың гектарға тәтті түбір егу жоспарланған. Өңір басшылығының сөзінше, шаруалар үшін өнімділігі жоғары тұқым мен жеңілдетілген жанармай дайын тұр. Мәселен, биыл солярканың  1 литрі 146 теңгеден берілмек. Ал нарықта оның бағасы - 160 теңге.
null 

Соңғы жаңалықтар