Ақсу қаласында құтқарушылар отқа оранған пәтерден ер адамды алып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақсу қаласында Қамзин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде тіркелген өрттен құтқарушылар 53 жастағы ер адамды алып шықты.

 Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, тілсіз жаудың орын алғаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 18.55-те түскен. Сағат 19.11-де тілсіз жау толықтай ауыздықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Оқиға орнында № 11 өрт сөндіру бөлімі, «102» және «103» қызметі жұмыс істеді. Екі бөлмелі пәтерде заттар жанған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жеті адам өздігінен сыртқа шыққан. Оның екеуі - балалар. 1964 жылғы азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ер адам ауруханаға барудан бас тартты. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, - деді департаментте.

Соңғы жаңалықтар