11:21, 18 Қаңтар 2018 | GMT +6
Ақша айырбастау бөлімшесінің басшысы алаяқ болып шықты
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда алаяқтықпен айналысқан ақша айырбастау пункті басшысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол адамдарға бизнес серіктес болуды ұсынып 1 млн теңгесін қолды еткен.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам тұрақты клиенттеріне валюта бағамы бойынша делдалдық жасап баюды ұсынған.
«Оңай олжаға кенелу жолдарына бірнеше адам сеніп қалған. Олар барлығы 1 млн теңге берген. Уақыт өте берген. Ал күдіктіден хабар болмады»,- деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысының орынбасары Владимир Решетников.
Полицияның хабарлауынша, клиенттер оны іздей бастағанда алаяқ шетел асқаны мәлім болды.
Құқық қорғаушылар одан жапа шеккен адамдар болса полицияға хабарласуын сұрайды.