АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея БҰҰ ҚК-нің шұғыл отырысын шақыруды талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея КХДР-дың ракета ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АҚШ Жапониямен және Оңтүстік Кореямен бірге КХДР-дың 12 ақпан күні баллистикалық ракетаны жіберуіне байланысты шұғыл консультация өткізуді талап етті», - деп  хабарлады америкалық миссияның өкілі.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, БҰҰ ҚК отырысы дүйсенбіге жоспарлануда.

Жексенбі күні КХДР әрекет ету радиусы орташа "Пуккыксон-2" ("Темірқазық-2") баллистикалық ракетасын сынады. Кореяның Орталық телеграфтық агенттігінің хабарламасын келтіре отырып Рёнхап-тың хабарлауынша, «жер-жер» санатындағы аталмыш стратегиялық зымыран сынақтан сәтті өтті.

2006 жылдан бері Пхеньян бес ядролық сынақ және ракеталық ұшырылымдардың сериясын іске асырды.

12 ақпан күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.  

Соңғы жаңалықтар