АҚШ жағалауында ауға шырмалған үш киттің екеуін құтқарып қала алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде сирек кездесетіндердің қатарындағы солтүстікте мекендейтін үш кит Мэн штатында балық аулау жабдықтарына оралып қалған.

Мұхиттар мен атмосфераны зерттеу бойынша АҚШ Ұлттық басқармасынан хабарлағандай, екі жануар өлді, біреуін мамандар құтқарып қалды.  

Ведомство қызметкерлері жабдықтар қай компанияға тиесілі екенін анықтау үшін өлген киттерді зерттеп жатыр. Салмақтары шамамен 45 тонна.  Басқарма қызметкерлері оның иелері балық аулау ережелерін бұзуы мүмкін деп болжап отыр.

Зерттеушілердің мәліметінше, киттің бұл түрлері 100 мыңнан 1992 жылы шамамен 300-ге дейін қысқарған. Қазір бұл сүтқоректілерді аулауға тыйым салынды. Frontiers in Marine Science журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2010 жылға қарай  аталған киттердің таралымы  500-ге дейін ғана өсті.  

Бұл жануарлардың салмағы 100 тоннаға, ұзындығы 18 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар