АҚШ-тың талдау орталығы Қазақстан туралы мақала жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Atlantic Council халықаралық қатынастар саласындағы америкалық талдау орталығы Қазақстанның латын әліпбиіне көшу мәселесін қаузаған мақала жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан ұлттық мәдени кодын жасап жатыр,  алайда бұл өзгерістерге ел ішінде алаңдаушылық танытып жатқандар бар. Жалпы латын әліпбиі Қазақстанның халықаралық ықпалдастығын арттырып, экономикалық, технологиялық және ғылыми әзірлемелерін ынталандырады.  Латын әліпбиі қазақ үшін жаңа дүние емес...», - деп жазылған америкалық орталық жариялаған материалда.

Мемлекет басшысы 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін айтты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға қарай барлық іс қағаздары, мерзімді басылымдар мен кітаптарды латынмен шығаруды тапсырды.

Осман және Ресей империялары құлағаннан кейін түрік халықтары араб және латын әліпбилерін пайдаланып келді. КСРО ыдырағаннан кейін Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан крилицадан  латын әліпбиіне қайта көшті. Қазақстан ғалымдары диакритикалық белгілері бар базалық латын әліпбиін пайдаланып, қазақ тілінде жазу оңай екенін айтады.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін әлемдік экономикаға барынша тығыз интеграциялануға қадам деп болжауға болады. Бұл  жиырма бірінші ғасыр қазақтарына әлемнің озық елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді», - деп жазылған мақалада.

Соңғы жаңалықтар